Русский Сайттың толық нұсқасы

Қостанайдағы көпқабатты үйде құрт қаптап кетті

  • AstanaTV
  • 07 қазан 2019
  • 5109

Қостанайдағы көпқабатты үйлердің бірінде қаптап кеткен қалың құрт тұрғындардың зәресін алды. Шатырға шығатын есіктен түсіп, кіреберіске жайылып кеткен. Төбеден төнген бунақ денелілер қайдан пайда болуы мүмкін? Заңғар Санай анықтап көрді. 

Қаптаған жәндік. Қалың құрт. Кіреберістегі жағымсыз көріністі Юлия Цыпина смартфонға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеген. Оның айтуынша құжынаған құрт төбеге шығатын люктің жан-жағынан түсіп, кіреберіске жайылыпты.

Юлия ЦЫПИНА, ТҰРҒЫН:

Құрттың қаптағаны соншалық бірінші қабатқа дейін жетті. Күйеуім олардың үстінен қайнаған су құйып көрді. Екі күн бойы кіріберістен жағымсыз иіс кетпеді.

Көпшілік көпқабатты үйдің шатырында кісі мәйіті жатқан шығар деп жаман ойлапты. Алайда төбеге шыққан жұмысшылар люктің үстіне үйілген елуге тарта кептердің өлексесін тауып,қоқысқа шығарған.

Заңғар САНАЙ,ТІЛШІ:

Копператив өкілдерінің айтуынша жасөспірімдер шатырға шығып алып, көгершіндерді қынадай қырып тастаған. Қаскөйлердің қасақана әрекетінің салдарынан құстардың өлекселері шіріп,құрттап кеткен.

Сахи ҚАЛЫМБЕТОВ,«СЕНІМ» ПИК ТӨРАҒАСЫ:

Жастар құлыпты сындырады. Өлтіреді соны.Т амақ ішкісі келетіндер бар ма? Еті таза ғой оның. Солар алады қояды.Обедке дейін тазартып келді бұлар. Дезинфекциясын артынан істейміз ғой, ертең, арғы күндері.


ПИК басшысы бұл желіккен жеткіншектердің ісі болуы да мүмкін деп отыр. Әлеуметтік желіге салу үшін, құстарды қырып селфи жасауы да ықтимал деді.

З. Санай