Русский Сайттың толық нұсқасы

Үй кезегіне тұрғанына 10 жыл өтсе де баспаналы бола алмай жүргендердің саны 30 мыңға жуық

  • AstanaTV
  • 07 қазан 2019
  • 1834

Үй кезегіне тұрғанына 10 жыл өтсе де баспаналы бола алмай жүргендердің саны 30 мыңға жуық. Ал жалпы  үй кезегінде тұрғандардың қатары 500 мыңнан астам. Бұл түйінді шешу үшін үкімет жыл соңына дейін «Нұрлы жер» бағдарламасының жаңа нұсқасын бекітпек. Толығырақ Әлішер Өмірзақтың материалында.

Депутат Нұртай Сабильянов осылай деп сынға алды. Мәселен бүгінгі күні 1300 үй қирау алдында тұр. Дегенмен сондай үйге жете алмай, пәтер кезегінде тұрғандардың саны жарты миллионды құрайды. Оның ішінде 10 жыл күтіп жүргендері де бар.

Нұртай САБИЛЬЯНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «NUR OTAN» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:


Осындай қарқынмен тұрғын үй салатын болсақ, тіпті енді 50 жылдың өзінде кезекте тұрғындарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мүмкін емес екен. Өйткені тұрғын үйді пайдалануға беру қарқыны халық өсімінен әлдеқайда аз екенін көріп отырмыз.

Ал Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі атанғанына 21 күн болған Бейбіт Атамқұлов іске кіріскен. Мәселені шешу үшін әкімдікте кезекте тұрған азаматтарға алғашқы жарнаны 10 пайызға төмендету қажет деп отыр. Ал Мәжіліс төрағасының орынбасары Владимир Божконың айтуынша, биыл 1 мыңға жуық көп балалы ана баспаналы болған. Депутат ымын білдірмей, сабырмен күтіп отырған жетімдер де барын айтты.  

Владимир БОЖКО, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Ал "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" арқылы жылдық 2 пайызбен ипотекалық несие беріле бастады. Бұл үй кезегінде тұрған 5 мыңнан астам отбасының баспаналы болуына мүмкіндік бермек. 


Ә. Өмірзақ