"Air Astana" әуе компаниясындағы шетелдік ұшқыштар айына 9 мың еуро жалақы алады. Ал, отандық ұшқыштардың табысы оларға қарағанда 15%-ға кем. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты. Ол: "ұшқыштар даярлайтын Азаматтық авиация академиясының түлектеріне нарықта сұраныс аз", деді.
Бейбіт АТАМҚҰЛОВ, ҚР ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРІ:
Авиация саласына кәсіби мамандар қажет. Біздің елімізде осы бағытта білім беретін жалғыз оқу орны бар. Ол - Азаматтық авиация академиясы. Одан жыл сайын 400-ден астам маман шығады. Алайда, оларға сұраныс жоқ, өйткені академия қазіргі заманғы стандартқа сай маман даярлай алмай отыр
Сондықтан шетелдік мамандарға тәуелдіміз,- деді министр. Оның мәліметінше бір ғана "Air Astana" әуе компаниясындағы 450 ұшқыштың 100-ге жуығы шетелдік мамандар.
А. Мүтәлі