Елордадағы тұрғын үйдің бірі құлау алдында. Тоғыз қабаттың үйдің тұрындары баспанасыз қаламыз ба деп алаңдайды. Жауапты мекемелердің барлығы тіл қатпағандықтан, пәтер иелері бізге хабарласты. Әріптесім, Асылбек Данияр мәселені анықтап көрді.
Асылбек ДАНИЯР, ТІЛШІ:
108 отбасы тұратын тұрғын үйдің қабырғасы опырылып, құлауға шақ тұр. Тұрғындар тиісті мекемелерге шағымданған. Бірақ нәтиже жоқ дейді. Бірнеше жыл бұрын тіреуіштер орнатып кеткен. Тиісінше көліктердің айналмалы жолын жауып тастаған.
Бұл баспана 2005-ші жылы берілген. Тұрғындар 10 жылдан кейін қабырғасы сыр бере бастағанын айтты. Әуелде кішкентай ғана болған жарық, күн өткен сайын үлкейген. Қазір үйдің 5-нші қабатына қарай жылжып келеді. Пәтер иелері сырттағы суықты сезе бастадық деп отыр.
Зағида ЖЕТІБАЕВА, ТҰРҒЫН:
Тіреуіштерді орнатты, екі жыл бұрын. Мердігерлер өздеріне кінә артпау үшін. Жіңішке үш темір мына қабырғаны ұстап тұруға шамасы жетпейді. Олар бар болғаны құлағының тынышын көздеді.
Тұрғын үйдің қабырғасы қауіпті болған соң, қоршау орнатып қойған. Пәтер иелері оның пайдасынан зияны басым дейді. Тіпті жедел жәрдем мен қызметтік көліктердің шығар жолын бөгеп тастағанына ашынады.
Гүлмира МҰРАТБАЕВА, ТҰРҒЫНЫ:
КСК «Астана жилой сервиске шағымдандық, бірнеше рет акиматқа да барып жаздық. Бірақ КСК-ның бір айтар сөзі ақшаны өздеріңіз жинап жөндеңіздер дейді. Қабырғаның шытынағанына осы тұрғындар кінәлі емес қой. Өздері оны сындырған жоқ.
«Алматы» ауданы инспекциясы бөлімінің бас маманы, бұл үйді қалпына келтіруге мемлекет тарапынан ешқандай көмек болмайтынын жеткізді.
Роллан ӨСКЕНБАЕВ, «АЛМАТЫ» АУДАНЫ ИНСПЕКЦИЯСЫ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ:
Жалпы, басқармамен сол үйдің фасады бойынша жоспардан тыс тексеріс жүргізілді. Тұрғын үй заңнамасы сақталғаны туралы. «Астана жилой сервис» компаниясына ұйғарым берілді. Меншік иелерінің жалпы жиналысын өткізіп, сол мәселе бойынша ақша жинау бойынша тапсырма орындалды. Тұрғын үйлердің жиналысы өткізілді. Алайда, тұрғындар келіспеді.
Мәселеге қаныққан заңгер Жандос Тұяқов, тұрғындардың ақша жинап беруі заңсыз. Ол баспананың сыртындағы қақыраған қабырға тұрғындардың өміріне қауіп тудырып отырғанын ескеру қажет деді.
Жандос ТҰЯҚОВ, ЗАҢГЕР:
Әкімдік яғни мемлекет тарапынан ол үйді қалай жаңағы орысша айтқанда «эксплоцияға» қабылдады? Осы мәселені көтеру керек. Ал, бүгінгі таңда халыққа экспертиза жасау үшін сіздердің қаражаттарыңызды беріңіздер, сосын барып қорытынды жасаймыз және кімнің кінәлі екенін анықтаймыз деген «заңсыз» мәселе деп санаймын.
Тұрғын үйге қатысты қандай шаралар қабылданатын әзір белгісіз. Ол техникалық байқаудың жүргізілеуіне байланысты болмақ. Бірақ, оған пәтер иелері қаражат жинап беруі қажет.
А. Данияр