Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырауда «Алтын тұлпар» аламан бәйгесі мен «Дарабоз-2019» халықаралық турнирі өтеді

  • AstanaTV
  • 08 қазан 2019
  • 4169

«Алтын тұлпар - Жайық жағасында». Осымен бесінші рет ұйымдастырылған аламан бәйге, биыл Атырау қаласында өтеді. Сондай-ақ 10 спорт түрін топтастырған «Дарабоз» халықаралық турнирі де, ұлттық спорты жаңа белеске көтермек. Спорт сайысының ұйымдастырушылары бүгін БАҚ қос турнирдің ерекшелігін айтып берді. Айтуларынша, үшінші рет  өткізілетін «Дарабоз» турнирі жастар жылына арналып отыр. Сондықтан көкпарға 17 мен 26 жас аралығындағы көкпаршылар қатыспақ. Сондай-ақ, биыл алғаш рет қазақ күресіне "түйе палуаны" турнирі қосылды. "Дарабоздың" жалпы жүлде қоры - 32 млн теңге. Ал «Алтын тұлпар» аламан бәйгеге қатысатын сәйгүліктер 51 шақырымда бақ сынайды. Айта кетейік, ұлттық спорт мерекесін өткізуге «Nur Otan» партиясы мен Атырау облыстық әкімдігі  қолдау білдірген.

Нұрсұлтан ИБРАГИМОВ, ҚР  ҰЛТТЫҚ СПОРТ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ БАС ХАТШЫСЫ:

Нағыз  қазақтың, өзіміздің көнеден дайындап келе жатқан және үлкен  атбегілік мектептен өткен аттар бұл бәйгіге  қатыса алады деген ойымыз бар. Нағыз мықты  жүлдеге ілінген чемпион атқа 10 миллион теңге қаражат беріледі «Алтын тұлпарда». Жалпы жүлде қоры 22 млн теңге.


Б. Надирқызы