Русский Сайттың толық нұсқасы

Жамбылда мектеп оқушылары арасында жүктілік дерегі жиілеген

  • AstanaTV
  • 11 қазан 2019
  • 5162

Жасөспірімдер арасында жүктілік дерегі жиілеген. Жамбыл облысында жыл басынан бері 192 қыз бала жүкті болып қалған. Ресми сандар осылай сөйлейді. Ағарту ошағында жүріп аяғы ауыр боп қалғандар неге көбейген? Данияр Әлімқұл осы сауалға жауап іздеді.

Мектепке білім алу үшін емес, бүліну үшін барған ба? Осылай деген «Нұр Отан» партиясы балалар құқығын қорғау жөніндегі кеңес мүшесі Рысты Жұмабекова, жамбылдық шенеуніктерге шүйлікті. Астанадан аймаққа арнайы келген мейманның мәліметінше 16 жастағы 81 қыз, ал 7-уі тіпті 16-ға да толмай жатып жүкті болған. Жаға ұстатарлық жайтқа қатысы Білім басқармасының жауап беруін талап етті.

Рысты ЖҰМАБЕКОВА, «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ БАЛАЛАР ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ:

Осыншама саны көп, мектепте жүрген қыз балалардың жүкті боп қалуы, қалай ойлайсыз, ұстаз ретінде, ана ретінде? 

Рахия ТҰРМАХАНБЕТОВА, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Әлеуметтік портреттеріне қарайтын болсақ, ата-ананың тәрбиесінен шеттеп қалған, сондай, көбінесе қолайсыз отбасынан шыққан қыздарымыз осындайға тап болып жатады.

Ол қыздар қайда жүр? Оқуда жүр ме?
Дәл қазір олар мектептерде...мм... колледждерге ауысып кеткен.

Білім басқармасындағылар бүгінде мектеп партасында отырған оқушылар арасында жүктілер жоқ деді. Жастықпен шалыс басқандардың барлығы колледждер мен кешкі мектептерге ауысып кеткен. Олардың басым бөлігі отбасын құрыпты.  

Талғат ЖАМАЛОВ, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

76 қыз түрлі колледжерде оқитын қыздар. Бұлардың барлығы да кәдімгі отбасын құрып қойған қыздар. Кездесу өткізіп біз имамдарға түсіндіргенбіз. Бірінші заңды некелерін қиып барып, сіздер некелерін қия беріңіздер. Себебі сіздер олардың туған жылын, қыздың жасын сұрамайсыздар. Ата-анасы шақыртып, некесін қиып бер десе болды, тәтті суын береді де қиып бере салады.


Шенділердің дерегінше оң босағада отырып бұзылғандар негізінен тұрмысы төмен отбасынан шыққан қыздар. Дегенмен  ерте  жүктіліктің  бала женсаулығына да, ана денсаулығына да кері әсері барын ұмытпау қажет.

Д. Әлімқұл