Русский Сайттың толық нұсқасы

ҚР Қылмыстық-атқару жүйесінде тұңғыш фронт-кеңсе ашылды

  • AstanaTV
  • 11 қазан 2019
  • 2284

Бас қаладағы Тергеу изоляторында тұңғыш рет фронт-кеңсе ашылды. Мекемеге келушілер біраз уақыттан бері оқшаулағышта тиісті жағдай жасалмағанын айтып, департаментке шағымданған. Енді кез-келген адам электронды кезек бойынша тергеудегі жақынымен жолыға алады, - деді. Фронт-кеңсе күніне 150 адамды қабылдауға қауқарлы. 720 орынға арналған изоляторда қазір 400-ден астам адам отыр. Қылмыстық -атқару жүйесі Комитеті мамандары өзге өңірлерде де бастаманы қолға алу керектігін жеткізді.

Теміржан ЖӘНІБЕКОВ, ҚР ІІМ ҚЫЛМЫСТЫҚ-АТҚАРУ ЖҮЙЕСІ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:


Ішкі істер органдарының сервистік модельге көшуін жандандырып жатырмыз. Жан-жақты зерделедік. Халықаралық сарапшылардың, қылмыстық орындаушылар мен халықтың ұсынысын да ескердік. Тергеу абақтысына келетін тұрғындар үшін өте ыңғайлы болмақ. 


Ғ. Өтемісов