Русский Сайттың толық нұсқасы

Елордалықтар жарыққа жарымай отырмыз деп шу шығарды

  • AstanaTV
  • 11 қазан 2019
  • 2858

Елордалықтар жарыққа жарымай отырмыз деп шу шығарды. Көктал ауданының пайда болғанына 20 жыл өтсе де, мұнда электр бағаналары орнатылмапты. Тұрғындардың өз беттерінше тұрғызып қойған тіреуіштері құлауға шақ тұр. Оған шатырдың үстінен салбырап өткен электр сымдарын тағы қосыңыз. Тоққа түсіп қалудан қауіптенетін астаналықтар жайлы тілшіміз баяндайды.

Бұл - астаналық Көктал мөлтек ауданы тұрғындарының жанайқайы. Олар қалай болса, солай орнатылған электр желілерінен қауіптенеді. Оның өзін мұндағы жұрт өзі тұрғызыпты. Бір бағанадан 10 шақты үй электр сымдарын тартып алған. Мәселені айтып, талай мекеменің табалдырығын тоздырдық, дейді. Бірақ, жауаптылардың бейқамдығына налиды.

Жанат МАКАЕВА, ТҰРҒЫН:

Линияларың сендердің өздерің тартқансыңдар. Жарайды, онда өздерің қашан линия тартасыңдар? Деп сұраған кезінде үкімет ақша бөлсін столбыларға, сосын біз тартамыз деп айтты. Солай бір-біріне футболить етіп жібергеннен кейін, өздерің тартыңдар деп айтыпты да акиматтағылар. Қалай біз өзіміз тартамыз бұл столбыны. не үшін біз өзіміз тартамыз?


Мұнда ымырт үйіріле тіршілік тоқтайды. Себебі, электр қуаты азаяды. Ал жел соқса жұрт сығырайған жарыққа да зар болып қалады. Өйткені, сымдар бір-біріне тиіп, көше қараңғылық құшағаны енеді.

Бақыткүл ДАЙЫРОВ, ТҰРҒЫН:

Біз не үшін төлейміз сонда түсінбеймін соны. Электрик болмасам да, по номативам ол істеліну керек. Уже әне эерге дейін жатыр ана. Ертең құлайды ма біреудің үстіне. Екі рет үзілді. Оларды шақыртқанда. Астана РЭК. Олар мы за общий столб отвечаем дейді. Ал үйге қосылған ваша проблема дейді.

Бұл ауданда электр қуатын таратуға «Астана- Аймақтық Электржелілік Компаниясы» жауапты. Олар бұл мәселенің түйіткілі көп екенін айтты. Әуелде коммуналды қызмет тартылмаған аумаққа тұрғындар  қоныстанып, баспана салып алды. Артынша жарықсыз отырмыз деп шағымданған соң, сымдарды өз еріктерінше тартуға рұқсат беруге мәжбүр болдық дейді.

Руслан АБЖАНОВ, «АСТАНА-АЭК» АҚ БАС ИНЖИНЕРІ:

Қазір біз бұл аумақты жарықтандыру жобасын әзірледік. Жоба  сараптамадан өтіп жатыр. Келесі жылы жаз айынан бастап аталған көшеде желі тарту жұмыстарын бастаймыз. Бағаналар қойып, жаңа желілер тұрғызамыз. Сол кезде жарық қуатының аздығы сынды мәселелер өз шешімін табады.

Мекеме шағымданған тек бір көшенің тұрғындарына ғана көмектесуге уәде етті. Басқаларына қатысты әзірге жауап бере алмайтындарын жеткізді. Олар бас қалада әсіресе Көктал-1, Көктал-2,  Алматы сынды аудандарда жарықтандыру мәселесі өзекті екенін мойындайды.

А. Мүтәлі