Русский Сайттың толық нұсқасы

Ішкі істер министрінің орынбасары Қ. Бишімбаев неге мерзімінен бұрын босатылғанын айтты

  • AstanaTV
  • 14 қазан 2019
  • 1739

Бишімбаевтың абақтыдағы мерзімі айыппұлмен алмастырылды. Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары. Қуандық Бишімбаевтің уақытынан бұрын бостандыққа шығуын осылай деп түсіндірді. Былтыр наурыз айында бұрынғы Ұлттық экономика министрінің мүлкі тәркіленіп, 10 жылға сотталған еді. Қызылордадағы әйнек зауытының құрылысына бөлінген қаражатты қылмыстық жолмен жымқырды деп айыпталған шенеунік өткен аптада бостандыққа шықты.

Марат ҚОЖАЕВ, ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Әу бастағы үкімге қатысты шағым қаралып, сот отырысы өтті. Менің білуімше жаза мерзімі 4 жылға дейін қысқарған. Ол оның үштен екі бөлігін өтеді. Жылдан астам уақыт қалған. Бұл мерзім жаза өтеудің жеңіл түріне - айыппұлға ауыстырылды. Бұрынғы министр пробациялық бақылауда болады.

Ә. Өмірзақ