Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыға биіктігі 40 метрлік алып байрақ орнатылды

  • AstanaTV
  • 14 қазан 2019
  • 2522

Еліміздегі ең үлкен көк байрақ Алматының «Медеу» мұз айдынында орнатылды. Биіктігі 40 метр және ұзындығы 14 метрлік туды орнатуға «Nur Otan» партиясы мен қала басшысы қолдау көрсеткен. Салтанатты шараға атақты әнші және спортшылармен қатар мың жарымнан астам жас қатысқан.

Таң атысымен Алматыдағы «Медеу» мұз айдынының маңына жиналған жұрттың қарасы көп. Салтанатты рәсімге бірқатар танымал әнші мен спортшы келген. Сөйтіп, теңдесі жоқ алып көк байрақ Ұлттық баскетбол федерациясының бастамасымен «Nur Otan» партиясы және қала басшысысының қолдауымен көкке көтерілді.

Бауыржан БАЙБЕК, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Алматы қаласында біздің ұлттық теңгеміз қабылданған, ата-заңымыз. Бостандық декларациямыз, төртінші ядролық қару-жарақтан бас тарттық. Осы қалада біздің қасиетті рәміздеріміз, мемлекеттің туы, әнұраны, елтаңбамыз қабылданған болатын. Сондықтан Алматы қаласы әрбір қазақстандық үшін өте ыстық.


Тутұғырдың биіктігі 40 метр болса, байрақтың ұзындығы 14,  ені 7 метрді құрайды. Жиналғандардың арасында Олимпиада чемпиондары Жақсылық Үшкемпіров пен Серік Сапиев те бар. Спортшылар ғана емес, жастар жағы да төл байрағықтың осылай биікте желбірегені рухты оятатынын атты.

Мәди АХМЕТОВ, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ «ЖАС ОТАН» ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Мың жарымнан астам жастар. Барлығы өздері бір патроттық рухпен осы жерге келіп шараға қатысып көңілдері көтеріңкі. Көк тудың желбіреген кезінде бәрімізге бір қуат береді, рух береді.

Айсұлу ЕРНИЯЗОВА, «ЕРІКТІЛЕР ЛИГАСЫ» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ:

Бүгін біз үшін ерекше күн. Алматыға келген әрбір қонақ, әрбір турист осы жерге біздің желбіреген көк байрағымызды көру арқылы біздің мемлекетімізді тани түсетін болады.

Ә. Лесбек