Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодарда өгей әке қызын зорлады деген күдікке ілікті

  • AstanaTV
  • 16 қазан 2019
  • 2721

Павлодарда өгей әке қызын зорлады деген күдікке ілікті. Бұл туралы осы өңірдегі полиция департаменті хабарлады. Сұмдық оқиға «Не молчи KZ» қоғамдық қорының күш салуынан кейін белгілі болды. Қор өкілдері жапа шеккен қыз бен анасына көмектесіп, мәселені қоғам назарына жеткізді. Полицейлердің дерегінше, жан ауыртар оқиға 1 қазанда болған. Қыздың анасы бұған азаматтық некедегі күйеуін кінәлайды.

Жанна БЕЛЯЛОВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Қазіргі осы оқиға бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалып, Қылмыстық кодекстің 121-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ерлі-зайыптылар 2019 жылдың сәуір айынан бері бірге тұрады.

«Не молчи KZ» қоғамдық қорының басшысы Дина Смаилованың сөзінше, қыз бен анасы қазір Нұр-Сұлтан қаласында. Олар мұнда сараптамадан өтеді. Өйткені олар Павлодар қаласында жүргізілген сараптамамен келіспейді.  Қыздың анасы Бас прокуратураға да шағымданбақ ниетте. Әлеуметтік желіде көтерілген шудың арқасында бұл іс ішкі істер Министрлігінің бақылауына алынған.

Дина СМАИЛОВА, «НЕ МОЛЧИ KZ» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Бала қатты қорқып қалған. Денесінің қызуы көтеріліп, өгей әкесін көрген кезде жаратпай, қатты үрейленіп жылайтын болған. Мұны байқаған анасы секем алып, не болғанын сұрайды. Осылайша сұмдық оқиғаның 1 қазан күні болғаны белгілі болды. Араға апта салып анасы бұл жәйтті білген.

Е. Карин