Мемелекет тарапынан берілетін, атаулы әлеуметтік көмектің жаңа талаптары, алматылықтарға жан-жақты түсіндірілді. Дөңгелек үстел басына көп балалы аналар да шақыртылған. Олар қандай көмекке жүгіне алатындарын анықтап алды.
Алматылық тұрғын Ақнұр Жұмабаева сегіз баланың анасы. Қазір баланы бағып-қағуда оңай болмай тұрғанын мойындайды. Атаулы әлеуметтік көмектің жаңа талаптары оның көңілінен шыққан. Әсіресе көп балалы отбасыларды жеке санатқа орналастырғанын қолдайды.
Ақнұр ЖҰМАБАЕВА, КӨП БАЛАЛЫ АНА:
Мен өзім сегіз баланың анасымын. Сондықтан біз сияқты көп балалы аналар жеткілікті. Еліміздің өркендеуі. Бала деген әйел адамның ең басты міндеті. Сондықтан осындай көмек Үкімет жағынан өте жақсы мүмкіндік.
Атаулы әлеуметтік көмектің жаңашылдығы сол, көп балалы отбасылар айына әр балаға орта есеппен 10 мың 625 теңге болатын кепілдендірілген жәрдемақы ала алады. Сонымен қатар, егер табыс күнкөріс деңгейінен төмен болса, онда отбасы аталған көмекке жүгінуге құқылы. Жаңа қағида - шынымен жәрдемге мұқтаж адамдарға мемлекет тарапынан көмек көрсетуді көздейді.
Диляра ИМАНҚҰЛОВА, АЛМАТЫ қ. ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Өкінішке орай, мекен-жайын өзгерту арқылы табысын жасыратындар,яғни коттеджде тұратын, тұрақты табысы бар, тіпті бір емес бірнеше көлігі бола тұра қаржылық көмек алғандар кездесті. Қазір осындай отбасыларға ауқымды мониторинг жұмыстары жүріп жатыр.
Егер отбасы жаңа талаптарға сәйкес келмесе, онда оларға атаулы әлеуметтік көмек берілмейді. Ел Президенті Қазақстан халқына арнаған жолдауында дәл осы көмектің механизмін реттеуді, әрі оның ашық, әділ болуын тапсырған болатын.
Ә. Лесбек