Русский Сайттың толық нұсқасы

Елордалық жігіт қуыршаққа үйленбекші

  • AstanaTV
  • 16 қазан 2019
  • 3533

Естімеген елде көп. Нұр-Сұлтандық 34 жастағы жігіт резіңкеден жасалған қуыршақпен өмір сүреді. Юрий бұл жасанды сүйіктісімен жарты жылдан бері бірге. Қуыршаққа "Марго" деп ат берген. Тіпті, киборг әйелге пластикалық операция да жасатқан. Юрий Толочко қуыршаққа үйленбек екенін жасырмады.

Юрий ТОЛОЧКО, АКТЕР:

Біз кафеге, мейрамханаға бірге барамыз, кейде кинотеатрға барып кино көреміз. Жақында мен оған ұсыныс жасаймын деп шештім. Ол менің ұсынысыма келісуді немесе келіспеуі де мүмкін. Мен оны жақсы көремін. Біз ерекше адамдармыз.


Жас жігіт әлі күнге дейін қыз-келіншектермен қарым-қатынаста болмағанын мойындайды. Ал егер Марго тұрмысқа шығуға келісімін берсе, той да жасаймын деп отыр.

Юрий ТОЛОЧКО, АКТЕР:

Менің ойымша, бәрі кішкентай кезінде қуыршақтармен ойнады. Неліктен қоғамда реакция болатынын түсінбеймін. Бұл қуыршақтыңда терең мағынасы бар. Айналадағы адамдардан қуыршақ жақсырақ, мен үшін.

А. Данияр