Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырау облысында полицей 25 жасар жігітті қағып өлтірді деген күдікке ілікті

  • AstanaTV
  • 17 қазан 2019
  • 2218

Атырауда полицей жас жігітті қағып кетті. Оқиға Исатай ауданына қарасты Зинеден ауылының тұсында таңғы бестер шамасында болыпты. 25 жастағы жігітті Ауди көлігімен басып өлтірді деген күдікке іліккен аудандық полиция бөлімінің қызметкері. Ол жүргіншіге көмек көрсетудің орнына оқиға болған жерден кетіп қалған көрінеді. Қайғылы жағдай жұмыстан тыс уақытта болып отыр. Күдікті ұсталды. Полицейлер көлікті мас күйінде басқарған деген нұсқаны тексеріп жатыр. Әріптестері тергеу басталғандықтан бұдан өзге ақпаратты жарияламады.

Асылбек МАМЫШЕВ, АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ӨКІЛІ:

Қазіргі таңда ҚР ҚК 345-бабы, 3-тармағы және 347-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Өзге мәлімет ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.


Б. Надирқызы