Русский Сайттың толық нұсқасы

Таразда 6 баласы бар жүкті әйел көз жұмды

  • AstanaTV
  • 18 қазан 2019
  • 4038

Тараз ауруханасында жүкті әйел көз жұмды. 7-ші балаға аяғы ауыр болған келіншектің туыстары оның өліміне дәрігерлерді кінәлі деп отыр. Ал ақ халаттылар тексеріс басталғанын мәлімдеді. Тараптарды тыңдаған Данияр Әлімқұлдың репортажы.

Қызынан айырылып алқымы жасқа толған анасының айтуынша, жексенбі күні Наргиза Сафиеваның қан қысымы 160-қа бір-ақ көтерілген. Лезде жедел жәрдемге шақырып,  облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізіледі. Онда бір күн бойы қажетті емін қабылдайды. Алайда, ертесіне дәрігерлер келіншекті кардиохирургиялық орталыққа жібереді.

Күлтәй САФИЕВА, Н.САФИЕВАНЫҢ АНАСЫ:

Менің қызым алты бала туды. Жетіншісіне екі қабат. Менің жүрегім ауырады деп бір рет шағым айтқан емес. Жүрек ауры бар болса, балаларды қалай туатын еді?


6 баламен жалғыз қалған Болат Қазинбетов оның қазасына жұқпалы аурулар мекемесіндегі мамандарды кінәлап отыр.

БОЛАТ ҚАЗИНБЕТОВ, Н.САФИЕВАНЫҢ КҮЙЕУІ:

Қан қысымы 60-40 дейді. 160-тан қысымы не үшін түсіп кетті деп ойлайсыздар? Менің күдіктенетінім дәрігерлер передоза жасап қан қысымын түсіріп алды. Дәрігерлердің кінәсі деп ойлаймын. Неге? Өйткені, аяғы ауыр адамды не үшін олар жұқпалы ауруханасына апарады? Не үшін потологияға апармайды? Одан бөлек түнімен ұстады. Кейін түске дейін ұстады. Соған дейін адам анализін білмей ме?


Ауруханадағы ана өліміне қатысты түсінік берген Денсаулық сақтау басқармасының қызметкерлері тексеріс басталғанын мәлімдеді. Олар науқас ауруханаға тұмаудың асқынған түрімен түскен деп отыр.

Жібек ИСАЕВА, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Температура болған. Общее недомогания, слабость. Осы жалобамен инфекционныйға түскен. Бірінші сол. Жүрек болған емес. Жүрек екінші күнінде. Тұмау асқынып кеткен. Бір күннен кейін оның жүрегі нашарлағаны анықталды. Сөйтіп оны мамандандырылған «Жүрек» медициналық мекемесіне жібердік. Алайда мамандар оған көмек көрсете алмады. Қазір осы жағдайға қатысты тексеру басталды. Дәрігерлердің қателігі анықталса, жауапқа тартылады.


Келіншегінен көз жазып, 6 баласымен қалған Болат өрт сөндіруші болып жұмыс істейді. Қыздарының үлкені 12 жаста болса, кішісі бесікке бөленген бір жастағы сәби. Ал кенжесін 4 айдан соң туу керек болған. Марқұмның туыстары көз жастарын тия алар емес. 

Аралкүл ҚОҢЫРБАЕВА, Н.САФИЕВАНЫҢ ӘПКЕСІ:

Енді бұл балалардың күйі не болады? Апасы ауру. Кішкентайы бір жасар.

Д. Әлімқұл