Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырауда мұздату камерасындағы бала өлімінен соң аймақтың бас дәрігері қызметінен кетті

  • AstanaTV
  • 18 қазан 2019
  • 2427

Атырауда мұздату камерасындағы бала өлімінен соң облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мәншүк Аймұрзиева қызметінен кетті. Ал аймақтың әлеуметтік саласына жауапты облыс әкімінің орынбасары Серік Шапкеновке қатаң сөгіс жарияланды.  Өңірдің бас дәрігері шақалақ өліміне қатысты жантүршігерлік оқиғадан соң қызметін жалғастыратынын айтқан еді. Алайда араға аз уақыт өтпестен креслосын босатты. Бұған дейін оқиғадан жағасын ұстаған Денсаулық сақтау министрі ол қызметінен кетуі тиіс деген еді.

Серікжан ЕРМЕНТАЕВ, АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Ол Жұмыстан шығуға арыз берді және арызға қол қойылды. Қазір облыстық денсаулық сақтау басқармасы перзентхананы талапқа сай  санитарлық нормаға сәйкестендіру үшін  жұмыс жүргізуде.  Барлық кінәлілерге қатысты шара алынатын болады. Денсаулық сақтау саласына жауапты облыс әкімінің орынбасарына қатаң сөгіс жарияланды.

Естеріңізге салайық, аймақтағы перинаталдық  орталықтың экс- бас дәрігеріне «Кісі өлтіру» бабымен қылмыстық іс қозғалды. Ол тірі баланы мұздату камерасында қалдыру туралы бұйрық берген деп айыпталды. Бастапқыда тіршілік нышанын білдірмеген шақалақ базада өлдіге саналған. Бірақ кейін нәресте аяқ-қолын қозғалтқан. Бас дәрігер қылмысқа осы жүйеге өзгеріс енгізбес үшін барған деген күдікке ілігіп отыр.

Б. Надирқызы