Русский Сайттың толық нұсқасы

Ауыл әйелдері кәсіп ашуға құлықты

  • AstanaTV
  • 18 қазан 2019
  • 2560

Ауылда қалай кәсіп ашуға болады? Ақтауда өткен ауыл әйелдерінің форумында бизнестің қыр-сыры талқыланды. Болашақ кәсіпкерлер тәжірибелі мамандардан кеңес алды. Елдегі қиын кезеңге қарамай, 90 жылдары кәсібін дөңгелеткен іскер әйелдер қазір кәсіпкер болу оңай деп отыр. Тіпті мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалғанын айтады. Құралай Ізтілеуова алғашында вокзалда бәліш сатыпты. Қазір өз асханасы бар.

Құралай ІЗТІЛЕУОВА, КӘСІПКЕР:

Қазіргі таңда жастарға мүмкіндік көп. Жеңілдікпен берілетін несиелер де жетерлік. Біздің кездегідей емес. Сондықтан барлығы өздерінің қолында.

Қаныбек ЖҰМАШЕВ, МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Басты мақсатымыз - ауыл әйледерінің белсенділігін арттыру. Түрлі саланың менеджерлері келіп, тренинг өткізіп жатыр. Бұл өте тиімді құрал деп санаймын.


Ғ. Өтемісов