Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанда ЖОО мен ойын-сауық орталықтарында мемлекеттік ту желбіремек

  • AstanaTV
  • 18 қазан 2019
  • 3779

Елдегі барлық жоғары оқу орындары мен ойын-сауық орталықтарында мемлекеттік ту орнатылады. Бастама "Nur Otan" партиясының «Менің Туым, менің Отаным» акциясы аясында жүзеге аспақ. Бұл туралы саяси ұйымның Нұр-Сұлтан қалалық филиалы төрағасының орынбасары Владислав Сергеев мәлімдеді. Жуырда ғана басталған акция жылдар бойы жалғаспақ. Партия өкілі "мұндай қадам азаматтардың рухы мен жігерін оятады" деді.

Владислав СЕРГЕЕВ, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫ НҰР-СҰЛТАН қ. ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Америка, Түркия сынды мемлекеттерден үлгі алуымыз керек. Олар тек мемлекеттік мекемелерде ғана емес, тіпті үйлерінде де туды іліп, қастер тұтады. Біз де соған көшуіміз керек. Сонда елім дейтін азаматтардың қатары көбейеді.

Ғ. Өтемісов