Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкенттік дәрігерлер жүкті келіншектің ішінен бір уыс құрт алып шықты

  • AstanaTV
  • 18 қазан 2019
  • 3302

Шымкентте дәрігерлер айы-күні жақындаған ананың ішінен бір уыс құрт алып шықты. Эхинококк кистасының ұзындығы 19 сантиметрге жеткен. Ақ халаттылар дәл сол күні бауырынан бөлек, құрсағынан салмағы бес келі болатын сәбиді жасанды жолмен алып шықты. Науқас шаранасына жиырма аптаға толған кезде жедел ауруханаға түскен. Дәрігерлер сол кезде ішінде паразиттің бар екенін анықтаған. Содан бастап, медицина қызметкерлерінің қатаң бақылауына алынған.

Индира АБИТАЕВА:
 
Операцияға кірер алдында бала-шағамның алдына бастысы аман-есен оралсам, ішімдегі баламды аман-есен қолыма алып оралсам, жанұяма оралсам деген арманмен жеттім. Бірақ та сәтті өтті екі сағатта, ешқандай не болған жоқ, дәрігерлердің арқасында.


Дәрігерлер паразитарлық аурулар негізінен үйдегі ит-мысықтан, жеміс-жидек, көкөністі жумай жегеннен болатынын ескертеді. Ал оның залалы орасан көрінеді.

Сәбитхан БАЙТЕМІРОВ, ШЫМКЕНТ қ. №1 КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ:

Кистаны дер кезінде операция жасамаса ол өскен сайын бауырды қысады. Бауыр фиброзына, тіпті циррозға дейін әкелуі мүмкін. Екінші қаупі оның жарылуы. Жарылған кезде оның ішіндегі сұйықтықта мыңдаған, миллиондаған яйцоклеткалары болады, ол ішке тарап кетіп, ішкі органдардың бәрін зақымдауы мүмкін. Содан кейін көптеген кисталар өсе бастайды.

А. Торебекқызы