Русский Сайттың толық нұсқасы

2025 жылға дейінгі аймақтарды дамытудың жаңа бағдарламасын әзірлеу керек, - Н.Назарбаев

  • AstanaTV
  • 18 қазан 2019
  • 3385

Өңірлерді дамыту бағдарламасы қағаз жүзінде ғана іске асырылып жатыр. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Үкімет, «Nur Otan» партиясы және Мәжілістегі партия мүшелерімен өткізген жиналысында осылай деді. Партия төрағасы Үкімет мүшелеріне ғана емес, депутаттарға да бірқатар тапсырма берді. Әлішер Өмірзақ жалғастырады.

Елбасының өңірлерді дамыту бағдарламасына көңілі толмайды. Оның қағаз жүзінде іске асырылып жатқаны бір бөлек, тіпті оны ешкім бақылап жатпағанын да сынға алды.

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:


Тиісті бақылау жоқ, кейбіреулері тіпті орындалмай шаң-шаң боп қалады. Жоспарланған көрсеткіштер үнемі түзетіліп жатыр. Сондықтан Ұлттық экономика министрі «Nur Otan» партиясы фракциясымен бірге осы бағдарламалардың орындалу барыстары туралы тыңдау жұмыстарын ұйымдастыруы қажет. Аумақтарды 2025 жылға дейін дамыту бағдарламасы қазір жасалуы керек.


Ол бағдарлама алдағы 5 айда дайын болуы тиіс. Ал бұдан былай партияның «негізі» саналатын депутаттардың аймақтарға жасайтын жұмыс сапары жаңа форматта өткізуі керек. Осылай деген Нұрсұлтан Назарбаев партиялық бақылау комитеті мен жемқорлыққа қарсы күрес республикалық қоғамдық кеңесінің жұмысын күшейтуді де тапсырды.

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Осы органдарға кіретін депутаттар олардың жұмысына белсенді қатысуы тиіс. Сіздер өзекті сұрақтар қойып, қоғамымызды тарта отырып, мәселелерді нақты шешу жолдарын ұсынуларыңыз қажет. Халық сізге партия арқылы тиісті өкілеттік берді. Сіздер азаматтарымыздың проблемаларын шешу үшін жұмыс істеулеріңіз керек.

Партияның өткені мен бүгініне анализ жасаған Елбасы жаңа міндеттерді де айқындап берді.   

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:


Біздің мақсатымыз - біздің партиямыздың ұзақ мерзімді көшбасшылықты сақтау. Алдағы Мәжіліс сайлауына партияның жаңа сайлауалды бағдарламасын әзірлеуге қазірден кіріскен жөн. Түрлі әлеуметтік топтардың өзекті мәселелерін шешуге бағытталған тәсілдерді қолданған қажет. Яғни олардың қорғау мәселелерін жеке-жеке шешу, адамдардың нақты сұраныстарын өтеу немесе  тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет.

Жиында Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Тұңғыш Президент тапсырмасы депутаттардың ерекше назарында болатынын жеткізді.

Ә. Өмірзақ