Шымкентте медбикені зорлады деп айыпталған дәрігер, сот залынан ақталып шықты. Істі қараған Әл-Фараби аудандық сотының судьясы облыстық клиникалық аурухананың бұрынғы дәрігер-нефрологын кінәсіз деп тауып, жазадан тыс қалдырды. Айта кетейік, бұл жағдай сәуірде болған. Тек "Не Молчи KZ" қоғамдық қорының араласуынан соң тек қыркүйекте жалпақ жұртқа жария болды.
Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ:
«Зорлаған да», «зорланған да» бір ұжымдағы әріптестер. Олар облыстық клиникалық ауруханада бір бөлмеде жұмыс істеп келген ақ халаттылар. Бұл жағдай биыл сәуірде болған.
Айта кетейін, «Зорлау» жәйтіне қатысты сот процесі жабық есік жағдайында өтті. «Не Молчи KZ» қоғамдық қорының өкілдері зорлыққа тап болдым деген жалғыз басты келіншекке қолдау білдірген. Алайда істі қараған судья сотта жәбірленушінің талабын қанағаттандырусыз қалдырды.
Судья Қахаров сот процесінде айыпталушының қылмыстық әрекеттері өз дәлелін таппағанын дәйек қылды. Ол сондай-ақ негізгі айғақ болатын сот- биологиялық сараптамада келіншектің зорланғанын растамағанын алға тартты. Соттың сөзінше жәбірленуші қылмыс болғаннан кейін араға төрт күн салып арызданыпты. Істі қарау кезінде куәгерлердің сөзіне сүйенген судья тергеу барысында өрескел заң бұзушылықтарға жол берілген, деді.
Талғат ҚАХАРОВ, ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНДЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:
Төрт куә төрт врачтар айтып тұр: біз служебная проверка жасағанбыз өзімізде, ешқандай әңгіме осы іс бойынша жәбірленуші айтпаған оны. Бірақ кейін төрт күннен кейін жәбірленуші арызданып, осылай осылай болып қалды деп жазып жатыр. Біз өзіміз түсінбедік..қалай ол...не себеппен жазды?
Алайда, талапкер тарап соттың үкіміне қанағаттанбады. Олар судья істі бір жақты қарады деп отыр. Соттта жәбірленуші тарап келтірген дәйектерді негізге алмады деген медбикенің әкесі істің бұлай шешілерін сот басталғанда -ақ белгілі еді деп тұр.
ЖӘБІРЛЕНУШІНІҢ ӘКЕСІ:
Бірінші соттың өзінде біздің екі адвокатты шақырып алып, айыпталушы жағын да, айыптаушының да шақырып алып, ол жерде миллион теңге туралы әңгіме қозғаған. Ол қаяқтан миллион теңге, кім ол өзбектен ақша сұрап жүргенін ешкім білмейді. Кейін сыртқа шыққаннан кейін екі адвокат келіп маған: сіздер сондай миллион теңге сұрапсыздар ғой, соны берейік те, істі тындырайық деген әңгіме айтты. Мен әрине қарсы шықтым.
Айта кетейін, осы даудан кейін нефролог -дәрігер қызметінен кеткен. Ол қазір жеке меншік клиникалардың бірінде қызмет етеді. Ал медбике бұрынғы орнында.
Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ:
Сот үкіміне көңілі толмаған жәбірленуші тарап енді жоғарғы сатыдағы соттарға шағым түсірмекші. Қызымның денесіндегі көргерген іздер де негіз болмады деген медбикенің ет жақындары таяу күндері тіпті баспасөз жиынын өткізуді де жоспарлап отыр.
А. Төребекқызы