Русский Сайттың толық нұсқасы

Таразда бетперде киген қарақшылар балаларды бейімдеу орталығына басып кірді

  • AstanaTV
  • 21 қазан 2019
  • 3249

Ұжымына ұры боп оралды. Таразда бетперде киген қарақшылар балаларды бейімдеу орталығына шабуыл жасады. Мүмкіндігі шектеулі балалар мекемесіне басып кірген қос қаскөй күзетшінің қол-аяғын байлап, жарымжандардың иппотерапияға пайдаланып келген екі жылқысын айдап кеткен. Жедел шаралардың арқасында келесі ұрылар анықталған. Олар  22-23 жастағы Тараз қаласының тұрғындары. Біреуі бұдан бұрын бейімдеу орталығында біраз жыл көлік жүргізуші болып істегені анықталды. Қазір қос қарақшы қамауға алынып, олардың қылмысы дәлелденсе, 5 жылдан 10 жыл аралығында бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Мақсат ЮСУПОВ, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ПД КРИМИНАЛДЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қылмыс жасалғаннан кейін екі бас жылқы сатылып кеткен. Қабылданған шаралар нәтижесінде сатылған жерінен табылды. Алған адамның жауапкершілігі де қарастырылуда. Бұл мәселе бойынша қазір тергеу амалдары жүруде.

Д. Әлімқұл