Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда жеті жасар баланы қағып кеткен көлік жүргізуші ұсталды

  • AstanaTV
  • 22 қазан 2019
  • 2773

Алматыда жеті жасар баланы қағып кеткен көлік жүргізушісі ұсталды. Оның жүргізуші куәлігі болмаған. Бұған дейін де жол ережсін бұзғаны үшін, куәлігінен айрылған. Әрі техбайқау мен сақтандыру полисі сынды құжаттарының жоқтығы да анықталып отыр.

Жол-көлік оқиғасы осыдан үш күн бұрын түскі сағат үштер шамасында «Шұғыла» ықшамауданында болған. 7 жасар балғынның машиналар жүйіткіп жатқан жолды кесіп өтпек болып, көлік астына түскен сәті бейнежазбаға түсіп қалған. Қатты соққыдан бас сүйегі зақымданған бүлдіршіннің қазіргі жағдайын дәрігерлер орташа деді.

Дінмұхаммед РУЗУДДИНОВ, АЛМАТЫ қ. БАЛАЛАР ШҰҒЫЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ ОРТАЛЫҒЫ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:


Қосарланған жарақат, бас-миының жарақаты, шайқалуы, майдайының жарасы және сол қолдың бірінші саусағының сынығы деген диагноз қойылып, бала қазіргі уақытта нейрохирургиялық бөлімшеде жатыр. Қазіргі уақытта баланың жағдайы орташа.


Ал баланы қағып ізін жасырып үлгерген «Фольсваген» көлігінің иесі 31 жастағы азамат ұсталды. Қалалық полиция оның бұған дейін темір тұлпарды тізгіндеу құқығынан айырылғандығын анықтаған. Бірақ оған не себеп болғанын білмейді.

Салтанат ӘЗІРБЕК, ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:

31 жасар Қарасай ауданына қарасты Қаскелең қаласының тұрғыны болып шықты. Мәлім болғандай бұл азаматтың қолында автокөлікке тиісті құжаттары да жоқ екен. Сақтандыру, техникалық байқаудан өту деректері бойынша анықтама. Бұрын соңды соттың шешімімен жол жүру куәлігінен айрылған азамат.


Қазір аудандық полиция басқармасы аталмыш іске қатысты  тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Ал көлік айып тұрағына қойылған. Дәрігерлер жеті жастағы мектеп оқушысының аурухана төсегінде тағы бір аптадай ем алуы қажет екендігін айтты.

Ә. Лесбек