Русский Сайттың толық нұсқасы

ІІМ-не 35 шағым жолданды

  • AstanaTV
  • 23 қазан 2019
  • 1898

Бүгін 35  азамат Ішкі Істер Министрлігіне шағымдарын айтты. Мұндай мүмкіндікті "Nur Otan" партиясы жасап отыр. Министр орынбасары Марат Қожаев, Республикалық қоғамдық қабылдауда арыз-шағымарды тындады. Олардың қатарында шетелдіктер де бар. Қытайлық инвестор Кэ Цзян Донг Шымкент қаласының полиция департаментіне наразылығын білдірді. Оның айтуынша, қаңтар айында инвесторға "заңсыз миграция ұйымдастырды" деген айып тағылған. Сондай-ақ көші-қон заңын бұзған. Өзімен бірге сырттан жұмысшылар әкелгені анықталыпты. Бірақ, 9 айға созылған тергеуден кейін инвестордың кінәсіз екені дәлелденген. Ол министрлік заңсыздықтарға жол берген құқыққорғаушыларға шара қолдануын сұрады.

Кэ ЦЗЯН ДОНГ, ИНВЕСТОР:


2016 жылдан бастап металургиялық зауытқа инвестиция құйдым. Кейіннен тексерістер жиілеп кетті. Жауапкершілікке де тартуға тырысты. Соның арқасында бір зауытымды сатып жібердім. Екіншісін аштым. Мұнда да дәл сол жағдай қайталанды.


Марат Қожаев елде инвестиция үшін барлық жағдай жасалып отырғанын жеткізді. Бірақ кез-келген шетелдік кәсіпкер заңды сақтауға міндетті,-деді.

Марат ҚОЖАЕВ, ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Мен бұл мәселені көші-қон комитетіне тапсырамын. Қызметтік тексерулерді ұйымдастырыңыздар. Мәселенің мән-жайын анықтаймыз. Сот шешімін орындау барысында шынымен қателіктер кеткен болса, онда оларға тиісті жаза қолданылатын болады.


Ғ. Өтемісов