Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы Қырғызстанның президенттік сайлауын бақыламайтын болды

  • AstanaTV
  • 13 қазан 2017
  • 3176

Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы Қырғызстандағы президент сайлауын бақыламайтын болды. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясында өткен жиында белгілі болды. Бұған дейін көрші елдегі сайлау барысын Қазақстан атынан комиссия мүшесі Марат Сәрсембаев бақылайды деп жоспарланған. Алайда, қырғыз басшысы Алмазбек Атамбаевтың соңғы пікірлерінен соң, Орталық сайлау комиссиясы осындай шешім қабылдаған. Дегенмен, Қазақстанның 46 азаматы ТМД, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы сынды өзге халықаралық ұйымдар және парламенттік ассамблеялар атынан Қырғызстандағы сайлауға мониторинг жүргізеді.

Марат Сәрсембаев, ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі:

Қазақстан Республикасы Қырғызстанға ғана қатыспаймыз деп отырмыз. Басқалары, оған Қазақстан Республикасы кәдімгідей мүше. Сол мүше ретінде біздің адамдар барып отыр, құрамына еніп отыр, байқау жұмысына қатысып отыр ресми түрде Қазақстан Республикасының атынан.  

Қырғызстандағы президент сайлауы осы жексенбіде өтеді. Президенттікке 11 адам үміткер. Сарапшылардың пікірінше, топ алдында екі бірдей экс-премьер-министр келе жатыр. Олар социал-демократ Сооронбай Жээнбеков пен «Республика-Ата-Жұрт» партиясының басшысы Омурбек Бабанов.