Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстан 2022 жылдан бастап кемелерін ғарышқа ұшыратын мемлекетке айналады

  • AstanaTV
  • 13 қазан 2017
  • 2717

Қазақстан 2022 жылдан бастап ғарышқа кеме ұшыратын болады. Президент Сочиге сапары кезінде Ресей президентімен осындай келісімге келгенін мәлімдеді. Бүгін мемлекет басшысы ТМД-ға мүше мемлекет басшылары кеңесінің және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес кезінде өткен кездесулерді қорытындылады. Жиында Еуразиялық одаққа қатысты бірқатар мәселелер шешілген. Оның ішінде Өзбекстанға мұнай құбырын тарту ісі де бар. Президент БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында цифрландыру жөнінде Ресей, Қазақстан, Беларусь бірлесіп жұмыс істеуге уағдаласқанын айтты. Президент Сочиге сапары кезінде Германияның ірі кәсіпкерлерімен нәтижелі келіссөздер жүргізген. Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президентімен болған екіжақты кездесу де жемісті болғанын атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Қазақстан Байқоңыр арқылы Ресеймен бірге ғаламдық мемлекетке айналайын деп тұр. Себебі "Бәйтерек" деген біздің жобамыз іске асатын болады. 22 жылдан бастап Қазақстан ғарышқа өз бетінше жұмыс істейтін адамдардың бірі болады. Кадрларды дайындайтын боламыз.