Павлодарда кадет мектебінің 9 курсанты ащы түтінге уланып қалды. Мектеп интернатта электр сымы тұйықталып ғимаратты қою түтін басқан. Салдарынан оқушылардың басы айналып, кейбірі есінен танып қалды.
Асылжан Әлімов биыл ғана оқуға түскен. Сондықтан бұл ол үшін алғашқы дабыл болды. Ал сол түні курсанттардың жанында болған тәрбиеші Динара Жұмаділова казармадан 40 тәрбиленушіні бір өзі алып шығыпты.
Динара ЖҰМАДІЛОВА, ТӘРБИЕШІНІҢ КӨМЕКШІСІ:
Балаларды дереу ғимараттан шығару керек болды. Мен осы сәтте оларға жылдам тұру туралы бұйрық беріп, есікті аштым. Олар киім-кешектерін алып бірден сыртқа шықты. Енді ойлап тұрсам осының барлығы 4 минуттың ішінде болған екен.
Өзгеріс ҚУАНАР, ТІЛШІ:
Оқыс оқиға мына электр қорапшасындағы сымдардың тұйықталуынан болған. Абырой болғанда, тәрбиеші дереу тоқ көздерін ажыратып, өрттің алдын алыпты. Бірақ, мұнда қараңғылық басқандықтан, оқушыларға тек қол шамның көмегімен ғана сыртқа шығу мүмкін болыпты.
Мектеп директорының міндетін атқарушы Жасұлан Қожанов тәрбиешінің жылдам әрекетінің арқасында барлығы аман қалды деп отыр. Өйткені, тәрбиеші қауіпсіздік ережесіне сәйкес әрекет етіп, содан кейін ғана күш құрылмдарын шақырыпты. Ал дабыл жүйесі істемеген.
Жасұлан ҚОЖАНОВ, ПАВЛОДАР КАДЕТ МЕКТЕБІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:
Тоқ көзіндегі шамадан тыс қуаттылықтан, сақтандырғыш істен шыққан. Сол себепті сымдар жанып, түтін шығыпты. Қазір барлығын ауыстырып қойдық. Сол түні электр мамандары келіп, ескі сақтандырғыш пен барлық сымдарды ауыстырды. Қазір толық қуатта жұмыс істеп тұр.
Дәрігерлердің айтуынша, облыстық балалар ауруханасына жеткізілгендердің жағдайы жақсы.
Ирина ОРСАГОШ, ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Ауруханаға барлығы 9 бала жеткізілді. Оның 7-уі соматикалық бөлімге, 2-уі жағдайы ауыр болғандықтан, жан-жақтау бөліміне жатқызылды. Барлығы медициналық көмек алды. Қажетті шаралар жасалды. Қазір жағдайлары жақсы.
Ал төтенше жағдайлар қызметіне өрт оқиғасы болмағанын айтады.Тек сымдардың тұйықталуынан улы түтін тараған деп отыр.
Тілекжан ГАЛЯМОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ТЖД БАС МАМАНЫ:
Екі қабатты ғимаратта электр қалқанында электр сымдарының қысқа тұйықталуынан электр сымдарының изоллациясы өртенді. Сол себептен түтін газбен 9 бала жеңіл күйдегі улы газбен уланды.
Қазір кадетте сабақ жалғасып жатыр. Ал 40 баланы аман алып қалған тәрбиешіні мекеме басшылығы марапатқа ұсынған.
Ө. Қуанар