Русский Сайттың толық нұсқасы

Нұр-Сұлтанда құрылысы бітпеген апатты тұрғын үй сүрілді

  • AstanaTV
  • 25 қазан 2019
  • 2737

Нұр-Сұлтанда сақалды құрылыстың бірі сүрілді. Техникалық тексеруден кейін мамандар оның талаптқа сай салынбағанын анықтаған. Апатты деп танылған «Территория комфорта-1» тұрғын үй кешені бүгін жермен жексен болды. Ал ғимаратты бұзу жұмыстары жақын маңда тұратын халыққа ескертілмеген көрінеді. Тұрғындар қатты дауысты естіп, шағым түсіріпті. 500 үлескер 15 жыл бойы осы нысаннан пәтер күткен еді. Кешен 2004 жылы тұрғызыла бастаған. Бірақ кейінірек құрылыс тоқтатылыпты.

Үмбетәлі НАЛИАКБАР, «НҰР-АСТАНА ҚҰРЫЛЫС» ЖШС ҚЫЗМЕТКЕРІ:



Опорный диафрагма дейді, жесткости. Сол жерде бізде бір қиғаш келген сынықты көрдік. Сол кезде шұғыл түрде тұрғылықты органдармен ақылдасып, оны ондай жағдайда қолдыру мүмкін емес, ол қауіпті. Қандай жаңағыдай метод қолданасыңдар? - деді. Сол кезде біз осындайды ұсындық.

Ә. Асқар