Қазақ тіліне сұраныс болмай, тілді дамыту мүмкін емес. «Мирас» республикалық қоғамдық кеңесінің отырысында "Nur Otan" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек осылай деді. Сондықтан ресми орындар басшыларының жауапкершілігін арттыруды ұсынды. Жалпы «Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» орындалуын талқылауға арналған отырысқа билеуші партия басшылығы, жауапты мемлекеттік органдар және шығармашылық пен ғылым өкілдерінен құралған зиялы қауым қатысты.
Бауыржан БАЙБЕК, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:
Бізде, өкінішке орай, кейбір кезде тілге қатысты эмоция көбірек, нақты істер аздау. Мынау қуантатын жайт, Алдан Зейнулла ағамыз осы мәселені жақсы айтты, жүйелі түрде. Мен ойлаймын, жалпы партияның қолбасшылығымен осы мәселелерге арнайы жұмыс тобын құрып, жүйе қалай жүруі керектігін қарастыру керек.
Ә. Өмірзақ