Русский Сайттың толық нұсқасы

Германияда әуе таксиі іске қосылады

  • AstanaTV
  • 25 қазан 2019
  • 3436

Германия қоғамдық көліктің жаңа түрін іске қоспақ. Жақында елде электрлі әуе таксиі пайда болады.  Неміс стартаперлері сағатына 100 шақырымға дейінгі жылдамдықты еңсеріп қана қоймай, тігінен ұшып, жерге қона алатын 5 түрлі автомобильді сынақтан сәтті өткізді. Енді елде келесі жылы аэротакси қызметі іске қосылмақ. Машина жолаушыларды қысқа уақытта тасымалдайды. Такси бағасы қолжетімді болады. Мамандардың пікірінше, жаңа транспорт- әуежайды қажет етпейді. Ол жұмыртқа формасында жасалған. Қанаттары 36 электр қозғалтқышымен жабдықталыпты. Өндірушілер 2025 жылы мұндай транспорттың түріне сұраныс артады деп болжап отыр.

Дэниел ВИГАНД, LILIUM АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:



Бізде тікұшақ сияқты ұшатын ұшақтар бар. Бірақ ол тік ұшып барып, артынан көлденең ұша алады. Бұл аэроғарыш саласының ең үлкен проблемаларының бірі еді. Біз енді мықты жылдамдықта ұшатын жаңа транспорт түрін нарыққа алып келдік.

А. Мүтәлі