Русский Сайттың толық нұсқасы

Мүгедектер қоғамдық жұмыспен айналысатын ғимарат сұрап отыр

  • AstanaTV
  • 28 қазан 2019
  • 2873

Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қоғамдық жұмыстармен айналысуына арналған арнайы ғимараттар жетіспейді. «Nur Otan» партиясының қоғамдық қабылдауына келгенгендер осы мәселені шешу жолдында халықтық партия өкілдерінен көмек сұрады. Айтуларынша, қолынан іс келетін, бірақ мүгедектігіне байланысты жұмыссыз отырғандар көп. Олар мемлекет тарапынан жобаларды жүзеге асыруға арналған арнайы ғимарат берілісе, елдің экономикалық өсімі жолында еңбектенуге дайынбыз, дейді.

Әлібек ӘЛДЕНЕЙ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:

Ғимараттардың көпшілігі жекеменшік құрылыс компанияларына қарасты. Әкімдіктер құзіретінде аз мөлшерде. Бұл мәселені жеке бақылауыма аламын. Мүмкін заң жобасындағы өзгерістерге сәйкес, сіздерге өз идеяларыңызды іске асыра алатын орын беріліп қалар.


Ә. Асқар