Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда ата-аналарға балалардың дұрыс тілін табу жолдарын үйретті

  • AstanaTV
  • 28 қазан 2019
  • 1890

Алматыда ата-аналарды балалармен дұрыс қарым-қатынас жасауға үйретті. Отбасылық құндылықтарды нығайтуға арналған форум мұнда алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Жиынға ата-аналар мен ата-әжелер, педагогтар мен балабақша тәрбиешілері қатысты. Мамандардың айтуынша, ажырасу көрсеткіші жылдан жылға өсіп келеді. Бүгінде бірнеше жүз мың бала толық емес отбасында тәрбиеленуде. Отбасы институтының директоры Ақбота Базарбаеваның айтуынша, некенің бұзылуына жанұялық өмірге психологиялық дайындықтың аздығы мен ерлі-зайыптылардың мінездерінің үйлеспеуі себеп. Сондықтан, қазақстандықтарға Испания тәжірибесіне назар салуға кеңес берді.

Ақбота БАЗАРБАЕВА, ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ОТБАСЫ ИНСТИТУТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Испанияда мысалы, әкелер декреттік демалысқа шығады баламен. Оның мағынасы әкелер отбасылық өмірге араласады деген сөз. Содан соң, қыдырып жүретін болсаңыз, әкенің баламен жүргенін көп байқайсыз. Және де мысалы, Навар университетінде отбасы институтының жанында арнайы клиника бар. Бұл клиника тек отбасының ішіндегі терапиямен айналысады. Мысалы, ажырсқалы жатса, олармен алты ай бойы жұмыс істейді.

Мамандар мемлекеттік қолдау бағдарламалары бұл бағытта тындырымды жұмыс істеп тұрғанын жеткізді. Мәселен, бүгінде барлық өңірлерде "Nur Otan" партиясының мүшелері "Жәрдем", "Қамқоршы" сияқты жобаларды жүзеге асырып келеді. Оның аясында ата-аналар жаңа мамандықтарды меңгеріп, өз кәсіптерін ашуда. Бұл жұмыстар ерлі - зайыптылар арасындағы дағдарысты ерте бастан анықтап, оларды еңсеруге мүмкіндік бермек.

Диана ЕРЛАН, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ МҮШЕСІ:

Біз әр өңірдің тәжірибесін жинақтап, соған қарай жұмыс жасаймыз. Біз бірнеше білім беру мекемелеріне де арнайы түсіндірме жұмыстарын жүргіземіз. Олар қажет шаралардың бәрін орындауда. Басты мақсат -  жанұядағы ауыр жағдайларды ерте бастан анықтап, алдын-алу. Яғни, отбасын кешенді қолдау.

А. Мүтәлі