Русский Сайттың толық нұсқасы

Инспектор ерлігі ескерусіз қалмады

  • AstanaTV
  • 29 қазан 2019
  • 2051

Қызылорда облысында браконьерлерді қуып жетпек болғанда жол апатынан қаза тапқан инспекторға 3 дәрежелі "Айбын" ордені берілді. Жарлыққа Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды. "Охотзоопром" аймақтық филиалының қызметкері Әділ Кенжеғұлов ерлігі үшін осындай марапатқа ие болып отыр. Қайғылы оқиға 26 қазан күні Қызылорда облысының Жалағаш ауданында болды. Инспектор аңшылықпен заңсыз айналысқандарды ұстау үшін іздеріне түскен. Браконьерлікпен айыпталған жергілікті тұрғындар қолға түсті.