Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстан Беларусьқа жылына 1 миллионнан 3,5 млн тоннаға дейін мұнай жеткізуді жоспарлап отыр

  • AstanaTV
  • 29 қазан 2019
  • 1718

Қазақстан Беларуссияға жылына 1 миллионнан 3 жарым миллион тоннаға дейін мұнай жеткізуді жоспарлап отыр. Энергетика министрі Қанат Бозымбаев бұл әзірге коммерциялық келіссөздер екенін атап өтті. Ол өткен аптада Ресейге барғанында осы мәселені талқылағанын және олар да оң қабақ танытып отырғандарын мәлімдеді. Сондай-ақ елімізде жаңа инвестициялық жобалардың арқасында екі жарым млннан астам жұмыс орны ашылмақ. Оның басым бөлігі туризм, сауда және көлік саласында.

Руслан ДӘЛЕНОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІ:

2019-2025 жылдар аралығында 2,6 млн жаңа жұмыс орны ашылады. Оның ішінде жартысы 41,6 трлн теңгеге қалыптастырылған жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру есебінен құрылатын болады. 600 мың адам жұмыс күшінің таза өсуі, ал 2 млн адам экономика салаларындағы жұмыс күшінің ағыны.

Ә. Өмірзақ