Русский Сайттың толық нұсқасы

Депутаттар балалар мүгедектігінің 3 пайызы екпеден деп есептейді

  • AstanaTV
  • 20 сәуір 2016
  • 1735

«Әр баланың вакцинаға жеке әсерін тексеріп алмайынша, сәбилерге жаппай екпе жасауға болмайды». «Ақ жол» фракциясының депутаттары Денсаулық сақтау министрлігіне осындай ұсыныс жолдады. Меруерт Қазбекованың айтуынша, мүгедектікке шалдыққан балалардың үш пайызы осындай екпелердің кесірінен кемтар болған.

Қайырымдылық қорлары берген мәліметтерді алға тартқан депутат балалар мүгедектігінің артып отырғанына алаңдайды. «Екпе ерікті түрде жүру керек», - дейді. Ата-аналар вакцинаның кері әсері мен тәуекелдерден хабардар болуы тиіс екенін де қосты. Министрлік дерегінше, балалардың екпеден соң мүгедек болып қалу жағдайы тіркелмеген. Алайда Меруерт Қазбекова бұған сенбейді.

Айгүл ӘДЕПБАЙ