Русский Сайттың толық нұсқасы

Депутаттар мектептерді "Күнделік" жүйесін міндетті пайдаланудан босатуды ұсынды

  • AstanaTV
  • 30 қазан 2019
  • 3398

Мектептерді "Күнделік" жүйесін міндетті пайдаланудан босату керек. Депутат Кеңес Абсатиров Премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың атына осындай  сауал жолдады. "Ақ жол" партиясының мүшесі жүйенің дайын еместігін және интернетпен көп аудандар қамтамасыз етілмегендігін алға тартып отыр. «Күнделікке» бір мезетте 500 қолданушы кіргенде жүйе істен шығады. Ал елде оқушылар саны 3 млн-ға жуық. Сондықтан ұстаздар оны түнімен отырып толтыруға мәжбүр. Ал ауыл тұрғындары интернеттің нашар жылдамдығынан баласының бағасын бақылай алмайды. Олар жүйеге кіру үшін жарты күнін шатырда өткізетінін бұған дейін хабарымызда айтқан едік.

Кеңес АБСАТИРОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «АҚ ЖОЛ» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Тоқсан соңында мұғалімдер оқушылардың жиынтық жұмыстары үшін балл қоюы керек. Білім және ғылым министрлігі "Күнделік" электрондық журналын уақытылы толтыруды талап етеді, Ал сайттағы олқылықтар мерзімінде толтыруға мүмкіндік бермейді. Ата-аналар болса «Күнделіктің» ақылы қызметтеріне де қол жеткізу алмай әлек. Яғни, қазіргі жағдайда бұл жүйе толыққанды жұмыс істей алмай отыр.


Ә. Өмірзақ