Русский Сайттың толық нұсқасы

Пәкістанда 60-тан астам адам тірідей жанып кетті

  • AstanaTV
  • 31 қазан 2019
  • 3172

Пәкістанда жолаушылар пойызы өртеніп, 60-тан астам адам тірідей жанып кетті. Тағы оншақтысы түрлі дене жарақатын алған. Олар қайда қашарын білмей дағдыраған.  Мына кадрларда 3 вагонның от құшағында қалғанын көруге болады. Жүйткіп келе жатқан пойыздан секіріп, аман қалғысы келгендер де болыпты. Бірақ жолы болғандары некен-саяқ. Қаза тапқандардың денесін күйік шалғаны сонша, кім екенін анықтау мүмкін болмай отыр. Қазір жол қозғалысы тоқтатылған. Сұмдық апатқа газ баллонының жарылуы себеп болуы мүмкін. Ол тамақ әзірлеу үшін қолданылған деген дерек бар. Дегенмен талай адамның өмірін жалмаған сұм ажалдың себебі тергеу кезінде анықталмақ.