Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбелік банк қызметкері клиенттер есеп-шотынан қомақты ақша ұрлаған

  • AstanaTV
  • 31 қазан 2019
  • 2689

Ақтөбеде банк қызметкері  алаяқтықпен ұсталды. Ол онлайн банкинг жүйесі арқылы өз клиенттерінің шотынан 1 миллион 200 мың теңге ұрлаған. Әуелі полицияға бес адам өз шоттарынан ақша ұрланғандығын айтып шағымданған. Ал банктегі қызметтік тексерістен кейін 17 адамның шотынан 1 миллионнан астам қаражаттың қолды болғандығы анықталған. Жас жігіт Ақтөбедегі екінші дәрежелі банктің бірінде жұмыс істейтін болып шықты. Ол клиенттеріне банк қосымшасына өзі тіркеу жасап, қосымшаны пайдалануды көрсеткен көрінеді. Артынан клиенттеріне білдіртпей, шоттарынан бес мың теңгеге дейінгі қаражатты өз шотына аударып отырған көрінеді.

Ерболат САРҚҰЛОВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Алайда, аталған банк қызметтік тексеру жүгізу кезінде клиенттердің өздері өз шоттарынан аталған ақша қаражатын осы банктің бұрынғы қызметкерінің шотына аударғанын анықтады. Қазіргі таңда осы дерек бойынша іс сотқа жіберілді. Күдікті анықталды. 

Полицейлер дерегінше, биыл Ақтөбеде осындай онлайн банкинг арқылы ақша ұрлаған 28 кибер қылмыскер ұсталған.

Б. Рахметова