Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанда көмірдің тоннасына қойылатын делдалдардың үстеме бағасы 90% - ды құрайды - Қанат Байытов

  • AstanaTV
  • 31 қазан 2019
  • 2880

Қазақстанда көмірдің тоннасына қойылатын делдалдардың үстеме бағасы 90% - ды құрайды. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі комитетінің төрағасы Қанат Баитов мәлімдеді. Оның айтуынша, қазіргі кезде кен орындарынан көмірдің өндіру құны мен межелі пункттерге жеткізу қашықтығына қарай әр өңірге орташа алғанда 7 -19 мың теңгеге дейін үстемақы қосылады. Осындай алып-сатарлардың жолын кесу үшін бақылау күшейтілгенін жеткізді.

Қанат БАЙЫТОВ, ҚР ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРОҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРЛІГІ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Көмірді алғашқы жеткізу кезінде тауар биржасында бір тонна көмір үшін делдалдардың үстеме бағасы 90% - ды құрайды. Бізде  халықтың 2019 және 2020 жылу маусымына арналған қажеттілігінің жоспары құрылған. Биылғы жылы шамамен 10,5 млн тоннаны пайдалану жоспарланып отыр. Оның 2,7 млн. тоннасы коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге арналған. Және 7,7 млн тонна - бұл халықтық тұтыну.


Соңғы мәлімет бойынша елімізде 89 млн тонна көмір өндірілді. Елдің ішкі нарығына көмірді жеткізу 61 млн тоннаны құраған, оның ішінде энергия өндіруші кәсіпорындарға - 46 млн тонна, өнеркәсіп кәсіпорындарына - 5,6 млн тонна, коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге және халыққа - 9,1 млн тонна көмірге жетті.

А. Данияр