Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылжарда цифрландыру күндері өтіп жатыр

  • AstanaTV
  • 31 қазан 2019
  • 1487

Аймақтық бюджетте цифрландыру саласына бағытталған қаражатты ұлғайту керек. Қызылжарда сандық жүйе күндеріне орай өткен алқалы жиында аталған саланың дамуы жан-жағынан пысықталды. Форумға құзырлы министрліктің өкілдері мен Астана Хаб халықаралық технопаркінің басшысы қатысты. Кездесу барысында сандық жүйенің тиімді тұстары және оның басқа салаларға әсері жөнінде айтылды. Сондай-ақ, форум аясында теріскейліктердің цифрлық туындылары мен жастардың старт-ап жобалары ұсынылды.

Абылайхан ОСПАНОВ, ҚР ЦИФРЛЫҚ ДАМУ, ИННОВАЦИЯЛАР ЖӘНЕ АЭРОҒАРЫШ ӨНЕРКӘСІБІ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Біз бүкіл жұмысты автоматтандырудың арқасында өндіріс тиімділігін арттырамыз. Яғни, еңбек күші шамадан тыс жұмсалмай,шығын азаяды. Роботтандыру саласына аса көңіл бөлу керек. Қазір басқа қалалармен қатар Петропавлда да робот құрастыру үйірмелері бар. Бұл бағытты дамыту болашақтың талабы болып саналады.

 А. Курманкин