Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанда есірткі саудасына жол ашқан 9 полицей анықталған

  • AstanaTV
  • 01 қараша 2019
  • 4959

Есірткі таратушыларға көмектескені үшін Ішкі істер министрлігінің тоғыз қызметкері жауапқа тартылған. Бұл туралы ҚР ІІМ есірткі қылмысына қарсы күрес департаментінің бастығы Тілеген Маткенов хабарлады. Ол есірткі сату, бизнестің - көзі,-деді. Сондықтан құқыққорғаушылар арасында есірткі сататындарға көмектесетіндердің бар екенін жоққа шығармады. Жаханды шарпыған есірткі дертінің елдегі ахуалын тілшіміз зерттеп көрді.

Қазір есірткі саудасы ғаламтор арқылы қызу жүріп-ақ тұр. Жарнамалаушы сайт көп. Тіпті қала мен тауарды арнайы жеткізетін орынды да тұтынушы таңдап ала алады. Тілеген Маткенов есірткі сататындар интернеттің бүкіл әлеуетін пайдаланып жатқанын айтты. Жыл басынан бері 5 мың сайт анықталып, бұғатталған. Есірткінің таралуына жол бермеу үшін жыл сайын «Көкнар» операциясы да өткізіледі. Алайда, тасымал толастамай тұр. Биылғы жылдың 10 айында 1878 есірткі қылмысы, 1118 есірткі сату фактісі және 333 аса ірі көлемде есірткі сақтау оқиғасы анықталды.

Есірткі саудасында ұйымдасқан топтар да бар, оларды Жергілікті құқық қорғау органдары не одан да жоғары да тұрғандар қамқорлығына алып келеді. Тілеген Маткенов сатқындар жазадан құтылмайды,-деді.

Тілеген МАТКЕНОВ,  ҚР ІІМ ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ КҮРЕС ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ:

Биылғы жылы Ішкі істер министрлігінің тоғыз қызметкері жауапқа тартылса, екі қызметкерге қатысты қылмыстық іс әлі жалғасып жатыр. Сатқындарды жасырын әдістермен анықтаймыз.


Синтетикалық есірткінің ең жеңіл түрін анықтау да оңай болмай тұр. Бұған кинологтардың да көмегі жеткіліксіз. Әр өңірде қазір бұл мақсатқа бір-бір ит қана үйретілген. Қылмысты дер кезінде ашуға ол аздық етіп отыр, деді департамент бастығы.

Тілеген МАТКЕНОВ,  ҚР ІІМ ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ КҮРЕС ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ:

Өңірлерде күн сайын шамамен 10 шақты есірткі фактісі тіркеледі. Демек, оны анықтауға дәл осындай 10 ит керек деген сөз. Әрі олар да тірі жануар, шаршап қалмауы үшін жиі ауыстырып тұру керек. Сондықтан олардың санын арттыруды көздеп отырмыз.


Енді есірткі таратушылармен халық та күресе алады. Құзырлы мекеме есірткі тасымалы жайлы ақпарат беретіндерге арнайы сыйақы да қарастырған.

Сергей ИЛИНЫХ, НҰР-СҰЛТАН қ. ПД ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСТЫҒЫ:


Бізге адамдар әртүрлі мәселемен хабарласады. Ақпарат берушілердің анонимділігі толық сақталады. Себебі, көбіне есірткі қолданушылардың туыстары немесе жақын достары хабарласады. Хабарлама келіп түскеннен оны жедел анықтауға кірісіп кетеміз. Егер ақпарат расталса, қылмыс деңгейіне байланысты сыйақы тағайындалады.

Департаменттің дерегінше есірткі саудасы бойынша, Петропавл, Алматы және Қарағанды қалалары көш бастап тұр. 

Ғ. Өтемісов