Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырауда егіз сәбиін босана сала қайтыс болған Анаргүл Майлыбаеваның ісі енді аппеляциялық сотта қаралады

  • AstanaTV
  • 04 қараша 2019
  • 3288

Пара беру үшін бюджет ақшасын пайдаланбақ болған! Атырауда егіз сәбиін босана сала қайтыс болған Анаргүл Майлыбаеваның туыстары перинаталдық орталық дәрігерлеріне қатысты осындай мәлімдеме жасады. Марқұмның апасы Өміргүл Майлыбаеваның айтуынша, мамыр, маусым айларында орталық қызметкерлеріне сыйақы берілген. Кейін оны кері жинап алған. Осылайша бюджеттің 7 млн теңгеге жуық қаржысын, қылмыстық істе оң нәтиже көру үшін пайдаланбақ болыпты,- деді. 

Өміргүл МАЙЛЫБАЕВА, ЖӘБІРЛЕНУШІ :

Бұл іс екі жарым жылдан бері бері созылып келеді. Мен әділдік үшін күресіп жүрмін. Жуырда 4 дәрігер ақталды. Бірақ менің қолыма сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Қаулысы түсті.  Онда бюджеттің 7 млнға жуық теңгесі бөлінгені көрсетілген. Бұл қаражатты бас дәрігердің орынбасары Асқар Кенжеғалиевтен тәркілеген. Менің ойымша, бұл ақша істі олардың пайдасына шешу үшін  беру керек болған. Нақты кімге екенін білмеймін. Тергеу тобы қаржыны иесіне жеткізбей,  тәркіледі.

Бұл бақытсыз жағдай Атырау облыстық перинаталдық орталығында 2017 жылдың 5 шілдесінде тіркелген. Жас ана егіз сәбиін кесарь тілігі арқылы өмірге әкелген соң қайтыс болды. Қылмыстық кодекстің "медицина қызметкерлерінің өз міндеттерін адал қарамауы, тиісінше орындамауы салдарынан адамның өліміне абайсызда әкеп соғу» бабымен іс қозғалған.Орталықтың 4 дәрігері айыпталып, №2 қалалық сот оларды ақтап шықты. Қазір олар бұрыңғы қызметтерін жалғастыруда. Ал, марқұмның туыстары болса, енді аппеляциялық соттан үмітті.

Б. Надирқызы