Русский Сайттың толық нұсқасы

Нұр-Сұлтандағы жаңа үйлердің сапасы сын көрмейді

  • AstanaTV
  • 04 қараша 2019
  • 2739

Нұр-Сұлтандағы жаңа үйлердің сапасы сын көтермейді. 2013 жылы пайдалануға берілген қаладағы "Орбита" тұрғын үйінің қабырғасы опырылып, қала берді сыртқы сылақтары да сырылуда. 1000-нан аса халық тұратын баспананың проблемасы қашан шешілмек? Мердігер компанияны қандай жаза күтіп тұр? Асылбек Данияр осы сұраққа жауып іздеп көрді.

2013 жылдан бері осы үйде тұрып жатқан, Айман апаны бұл жағдай алаңдатады. Қатты жел соқса сыртқа шығу қауіпке айналған. Айтуынша, үй сылағы түсіп бастағалы, әкімдікке шағымданғанымен мәселе әлі шешілмеген.

Айман КӨПЖАСАРОВА, ТҰРҒЫН:


Мынау 13-нші этажда анау балконның темірі қисайып кетіпті.  Жоғары жақ көмектеспей бізде КСК да, ЖСК да өз бетімен ештеңе істей алмайды.


Асылбек ДАНИЯР, ТІЛШІ:

Тұсымдағы 25 қабатты үйдің кафелдері құлауы тұрғындар үшін әдеттегі жағдайға айналған. Осы жерден өтетін үлкенді-кішілінің өзі  барлығы үрейленіп өтеді. Мәселен, менде дүкенге келдім, Менің басыма кафель түсіп жан тапсырсам ол да ғажап жағдай емес.


Көп балалы ана, Гүлнар осы жерде 5 жылдан бері тұрып жатыр. Тұрғын үйді салушылар, ешқандай қауіпсіздік шараларын жүргізбегеніне ашулы. Тіпті, осы күнге дейін қолдарына құжатта бермегенін айтты.

Гүлнар МЕҢДІБАЙ, ТҰРҒЫН:

Бір күні алдыма түсті. Ондай жағдайда болды. Төбемізден түссе төрт балам бар. Оны кім асырайды? Даже документі де жоқ, басқасы да жоқ білмеймін не істейтінімді бұл үйді. Әкімді күтеміз бүгін 8 де дейді ол жоқ. Кейде күтіп тұрамыз. Қашанғы күте береміз?


"Қалалық орта сапасы және бақылау" басқармасы өкілінің айтуынша, құрылысты "TAMIZ INVEST GROUP" компаниясы жүргізген. Бірақ үйді пайдалануға бермеген деді. Бірақ, тұрғындар мұнда баса-көктеп қоныстанғанын жеткізді.

Дәулет ДОСҚҰЛОВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАЛЫҚ ОРТА САПАСЫ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қазіргі таңда, тұрғындарды эвокуациялау жоспарда жоқ. Тұрғын үй тұруға жарамды. Тек фасады қауіпті. Құрылысқа немқұрайлы қараған компания қызметкерлері өз жазасын алды. Қазір Техникалық тексеріс жүргізілуге қазынадан 23 миллион теңге бөлінді. Бір жарым, екі ай көлемінде сараптама дайын болады.

Айта кетейік, елордадағы сапасы сын көтермейтін тұрғын үй бұл ғана емес. Момышұлы көшесіндегі "Меруерт" тұрғын үйі мен Мүсірепов көшесіндегі зәулім үйлер осы санаттағы баспана қатарын толықтырады.

А. Данияр