Бүгін
биткоин бағамы жаңа рекорд орнатты. Бір күнде 800 долларға көтеріліп, 5800 АҚШ
ақшасынан асып түскен. Бұл туралы Financial Times басылымы хабарлады.
Сoindesk.com мәліметінше, сауда кезінде криптовалюта 5856 долларға дейін
көтерілген. Алайда электронды валютаға сенім жоқ. Қыркүйекте 5 мың көкқағазға
жеткен еді. Қытай криптовалюта нарығын қатаң бақылауға алған өткен айдың
ортасында бірден 3 мың долларға түсіп кетті.
Дегенмен Brigth басылымы бұл
жолғы биткоин құнының қымбаттауы Қытай үкіметі криптовалюта көмегімен
инвестиция тарту операциясын шектеуді алып тастауы мүмкін деген мәлімдемесімен
байланысты болуы мүмкін деп жазады. Жапония биыл оны заңды төлем құралы деп
тапса, Ресей Қаржы министрлігі мұны қаржы пирамидасы деп, еркін саудаға тыйым
салуды ұсынды.