Русский Сайттың толық нұсқасы

Ерлі-зайыпты Храпуновтар тергеуге шақыртылды

  • AstanaTV
  • 13 қазан 2017
  • 2170

Алматының экс-әкімі Виктор Храпунов пен оның әйелі Лейла Храпунова Қазақстандағы тергеуге шақыртылды. Жемқорлыққа қарсы күрес Ұлттық бюросы олар келесі сейсенбіге дейін келу керек деп хабарлады. Ведомствоның хабарлауынша, қылмыстық істі тексеру кезінде олардың және сыбайластарының заңға қайшы әрекеттер жасағанына дәлелдер табылған. Сондықтан Храпуновтар "қылмыстық топ құрып, басшылық етті, лауазымын асыра пайдаланып, мемлекеттің мүлкі мен бюджет қаражатын қалталарына басып, пара алды және оларды заңдастырды" деген күдікке ілінген.

Қазір Храпуновтар Швейцарияда тұрады. Олар шетелде тұратын болғандықтан, тергеу органдарының шақыртуын елемеуі мүмкін. Сондықтан Ұлттық бюро күдіктілердің жауап алуға шақыртылғанын заңға сай республикалық бұрақалық ақпарат құралдары арқылы жариялап, ескертеді.