Русский Сайттың толық нұсқасы

Екі тәуліктей қар құрсауында болған көлік жүргізушілері мамандардың жұмысына көңілі толмайды

  • AstanaTV
  • 06 қараша 2019
  • 2462

Ақтөбе облысында ауа-райының қолайсыздығынан жолда қалған көлік жүргізушілерінің, арнайы жол қызметі мамандарына өкпесі қара қазандай. Айтуларынша өңір мамандары қысқа дайын емес.  

БЛИЦ: 

- Осы основной Қалыбай деген жер. Білмеймін қандай жер екенін постоянно гололед.  Не жолды қар жауып тастайды. Енді тазалап тұру керек қой жолды.

- Вообще дороги должны чистить. Казахстан такая богатая страна, а дороги вообще не обслсуживаются


Ырғыз ауданы Қалыбай елді-мекенінде кеше түнде 250 көлік қар құрсауында қалған. Бұрқасыннан жол көрінбей, көк тайғақтан бұл жерде қозғалыс шектелген. Арнайы қызмет өкілдері түні бойы күшейтілген режимде жұмыс істегендерін айтты. Аяқ-қолы үсік шалған 12 адамға медициналық көмек көрсетіпті. Бұл маңдағы кемпингтерде көліктердің көптігі сол, ине шаншар жер жоқ.

Марат МАХАМБЕТОВ, "ҚАЗАҚАВТОЖОЛ" ҰК АҚТӨБЕ БӨЛІМШЕСІНІҢ БАСШЫСЫ:

Адамды қырып алуға болатын еді. Біз дайын болдық. Істедік. Техникада кей жерде сынады. Кей жерде үлкен машиналар тоқтап қалып қиын жағдай тудырады. Мұздақтарды алып тастау, құм себу жұмыстары жолдың шекарасын кеңейту жұмыстары Казавтодор мекемесінен жүргізілде.


Б. Рахметова