Русский Сайттың толық нұсқасы

Волонтерлықпен айналысатын жастардың ЖОО-на грантқа түсу мүмкіндіктері артуы мүмкін

  • AstanaTV
  • 06 қараша 2019
  • 2652

Волонтерлықпен айналысатын жастардың ЖОО-на грантқа түсу мүмкіндіктері артады. Бұл жайында «Қазақстан еріктілер лигасының» Нұр-Сұлтан қаласында ашылу салтанатында белгілі болды. Жаңа ұйым "Jas Otan" жастар қанатының партиясының қолдауымен құрылды. Мұнда қазір 500-ден астам ерікті мүше. Алайда, оның ішінде мектеп жасындағы балалардың үлесі әзірге аз.

Камила СЕЙІТОВА, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАЛЫҚ «ҚАЗАҚСТАН ЕРІКТІЛЕР ЛИГАСЫ» ҚҚ ТӨРАЙЫМЫ:


Мысалы, қазіргі оқу орынына түсі үшін алтын белгі болса, грантты бірінші аласың ғой. Сол сияқты біз еріктілерге де сондай назар бөлінуін сұрағымыз келіп отыр. Республика бойынша біз соны қарастырғымыз келіп отыр.

Мұндай еріктілер лигасы бұған дейін тек Алматы қаласында жұмыс істеп келді. Осыдан бес жыл бұрын құрылған қоғамдық қордың қатарында 5 мыңнан астам волентер бар. Жыл соңына дейін оның саны артпақ. Себебі, әр өңірінде "Еріктілер лигасын" құрылады.

Тимур ОМАРОВ, ЕРІКТІ:

Біз қарттар үйіне, балалар үйіне көп барамыз. Ол жақта көбіне концерт береміз. Өзім музыкант болған соң, ән айтамын. Қам көңіл жандардың көңілін аулаймыз. Олар жылулықты сезінгісі келеді. Осындай қарайым дүниелер арқылы адамдарға көмектесуге болады.

А. Мүтәлі