Русский Сайттың толық нұсқасы

ІТ техноглогиясы арқылы қазақ тілін түркі тілдес халықтардың ортақ тіліне айналдыруға болады, -тіл жанашары

  • AstanaTV
  • 07 қараша 2019
  • 2659

ІТ технологиясы арқылы қазақ тілін түркі тілдес халықтардың ортақ тіліне айналдыруға болады. "Nur Otan" партиясының қоғамдық қабылдауына келген тіл жанашыры Қайрат Қасымбек осындай ұсыныс жасады. 10 жыл бұрын Қытайдан қоныс аударған қандасымыз компьютерлік бағдарламаларды қазақ тіліне аударумен айналысады. Айтуынша, қазақ тілін ІТ технологиясы арқылы түркі халықтарының ортақ тілдерінің қатарына қосуға болады.

Қайрат ҚАСЫМБЕК, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:


Қырғызтан, Қазақстан, Түркменстан, Әзірбайжан сияқты елдерінде кез келген басқа тілді білмей-ақ қазақ жігіттер сол программа арқылы сол жердің халықтарымен сол тілде байланыса береді. Өзінің нұсқаулығы болады программа да . Соның бір-екі басқышы ғана сомен қолдана береді. Оған кәсіби білім керек емес. 

Азаматтарды қабылдаған "Nur Otan" партиясы Саяси кеңесі бюросының мүшесі Дархан Қыдырәлі,  қабылдауға келген әр адамның өтініші жерде қалмайтынын жеткізді.

Дархан ҚЫДЫРӘЛІ, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫ САЯСИ КЕҢЕСІ БЮРОСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Біз енді бұл азаматтардың тілектерін, талаптарын тыңдадық. Қорытынды шығарып, олардан тиісті мекемелер мен министрліктерге жолдайтын боламыз. Ешқандай талап, ұсыныс жауапсыз қалмайды.

А. Данияр