«Еркін пікір». Алматыда «Жас Отан» жастар қанатының және «Нұр Отан» партиясының Медеу аудандық филиалы өкілдерінің ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өтті. Мақсат - соңғы ұсынылған латын әліпбиін жастар арасында талқылау, ойларын білу, пікір алмасу. Шараға еліміздегі жоғарғы оқу орындарының бірінде білім алатын студенттер жиналды. Әрине, бәрі дерлік болашақтың тірегі болғандықтан, соңғы ұсынылған 32 әріптік әліпби қатты қызығушылық тудырды дейді, - «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Мәди Ахметов. Оның мәліметіне сай, бүгінде жастар әлеуметтік желілерінде соңғы үлгіні жиі қолдана бастаған. Сондықтан жастар арасында талқыға салу ел арасында түсіндірудің бір жолы көрінеді.
Мәди Ахметов, Алматы қалалық «Жас Отан» ЖҚ төрағасы:
Біздің ойымызша, бұл қазіргі таңдағы ең ұтымды, ең толықтырылған түрі деп ойлаймыз. Елбасы жақсы атап өтті. Осы латын әліпбиіне көшуден бастап жастар қатты қолдап келе жатыр деп. Бұл дегеніміз - Елбасының бізге деген үлкен сенімі.