Русский Сайттың толық нұсқасы

Нұр-Сұлтанда «Astana Club» форумы өтіп жатыр

  • AstanaTV
  • 11 қараша 2019
  • 1969

Келер жылы әлемде экономикалық дағдарыс болуы мүмкін. Бұл туралы «Astana Club» (Астана клуб) пікірсайыс алаңына жиналған сарапшылар мәлімдеді. Айтуларынша, ірі мемлекеттердің шиеленіскен қаржылық және геосаяси жадайы дағдарысқа алып келеді. Форумда бұдан өзге терроризм қауіпі, ядролық және киберсоғыс мәселелері де көтерілді. Әлемнің 40 елінен келген 200-ден аса сарапшы 2020 жылы өзекті болуы мүмкін 10 қатер төңірегінде ойларын ортаға салды.      

Дэн СМИТ, СТОКГОЛЬМ ӘЛЕМДІК МӘСЕЛЕЛЕРДІ ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

АҚШ-Ресей, АҚШ-Қытай арасындағы шиеленскен экономикалық жағдай өзге елдерге де әсер етпей қоймайды. Салдарынан 2020 жылы дүниежүзілік дағдарыс болу қауіпі бар. Бұдан бөлек, Иран ядролық қару жасау ісін жеделдетті. Бұл - болашақтағы үлкен әскери қақтығыстың алғашқы белгілері.

Евгений БУЖИНСКИЙ, «ПИР-ЦЕНТР» САРАПТАМА ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Кибершабуылдың зардабы ядролық қарудан да ауыр. Оны шектеу, бақылау қиын. Бүгінде жасанды интелект, түрлі цифлық бағдарламалар жоғары дамыған. Осы құрылғылардың көмегімен террорлық әрекеттер жасалуы да мүмкін. Ал одан келетін кесел елдерді шығынға батырады.

Пікірсайыс барысында «Еуразия үшін 10 тәуекел» кітабының тұсаукесері өтті. Мұнда биылғы жылы болған геосаяси жағдайларға қатысты сараптамалық мақалалар топтастырылған. Кітапқа 2020 жылға арналған жоспарлар мен болжамдар енгізілген.

А. Асқар